$487.37 €532.94 ₽5.09
×

ҚР СІМ: Қырғызстан Қазақстан ұсынған 100 млн доллардан бас тартты

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
2751
ҚР СІМ: Қырғызстан Қазақстан ұсынған 100 млн доллардан бас тартты

Қырғызстан Қазақстан ұсынған 100 млн доллардан бас тартты. Бірер күннен бері желдей есіп жүрген бұл ақпаратты бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады. «23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі қос елдің Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің күшін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады», делінген құжатта.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан тарапы қырғыздарға техникалық жәрдем көрсетуге үнемі дайын болды. Қол қойылған құжаттар ратификациядан уақытылы өтіп, жәрдемнің бірінші траншын қараша айында жіберу жоспарланған екен. Алайда, қырғыз тарапы үрдісті созбаққа салған. Қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды мерзімінде бермеген.