Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

AstanaTV
24.10.2017ж. 20:00
1759
Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

Бүгін президент Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі табысты дамыту керек деді. Қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған. Абу-Дабидің тақ мұрагері екі жақты байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөлін атап өтті. Кездесуде күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер де талқыланған.