Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Коронавирустық инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгертілді, - ДСМ

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
2935
Коронавирустық инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгертілді, - ДСМ

Коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгертілді. Бұл туралы жаңа министр Алексей Цой мәлімдеді. Енді, марқұмдарды арнайы қорымға алып бармай-ақ, әдеттегі зиратқа жерлеуге болады. COVID-19 диагнозы қойылып, бірақ өлімге басқа ауру себеп болғандарға да осы ереже бекітілді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Марқұмдардың жерлеу талаптары өзгертілді. Бұл тақырып өзекті болып тұр. Енді коронавирустан көз жұмған азаматтарды кез келген зираттарда санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отырып жерлеуге болады.

Күшейтілген карантинге қатысты шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайтыны белгілі. Десе де індеттің таралу белсенділігіне алаңдаған министр карантинге қатысты үш ұсыныс жасады. Егер де пандемияға қарсы шарттар орындалмаса онда денсаулық сақтау жүйесіне қатты ауыртпашылық түсуі мүмкін.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Бірінші жоспар бойынша, егер тамыз айына дейін тұрғындар карантинсіз өмір сүрсе, коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ауруханаларда 300 мың орын болуы керек. Екінші, екі апталық толығымен шектеу шаралары енгізілсе, күніне 7 мыңға жуық науқас тіркеліп, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын болуы шарт. Үшінші, төрт апталық карантин енгізлсе, тамыздың соңына дейін күніне 2500 науқастан тіркеліп, ауруханалардағы қажетті орын саны 30 мыңға дейін төмендейді.

Денсаулық сақтау министрі сонымен қатар, әлемге қауіп төндірген вирусқа қарсы күреске бағытталған 10 шараны ұсынды. Бұдан бөлек ол, Қазақстанда күніне 2,5 мыңға дейін пневмония ауруы тіркелетінін айтты. Енді қытайлық дертке қатысты жалпы ақпаратқа келсек. Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 492 адам тіркелді. Сонымен ел бойынша науқастардың саны 21 мың 800-ден асты.  Ал, симтомсыз тасмалдаушылар 17 мың 600-ге жетті. Өкінішке қарай, 188 науқас арудың құрбаны болды.

А. Данияр