Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

А.Мамин: Білім беру ресурстарына лимитсіз интернет енгізу қажет

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
1860
А.Мамин: Білім беру ресурстарына лимитсіз интернет енгізу қажет

Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа сабақ «Цифрлық сауат» деп аталады. Бұл пәнде программалау тілі үйретіледі. Дәл осындай сабақ колледждер мен жоғарғы оқу орындарына да енгізіледі. Министірлікте дайындық жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек жаңа оқу жылында тағы бірнеше жаңалық енгізілмек. Оның бірі, ғылыми дәріжесі жоқ ІТ мамандарға университеттерде сабақ беруге рұқсат беру.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Дегенмен, Асқар Ұзақбайұлы, біз мұны әлі де жеткіліксіз деп есептейміз. Яғни, "Әлем", "Квант" үлгісіндегі мектептер бойынша программмалау мектептерін әр облыста ашуды әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын. Педагогтерде IT сауатын арттыру курстарынан өтетін болады. Бұл біз үшін өте маңызды сұрақтың бірі.
 
Министрдің айтуынша жаңа пән арқасында алдағы 10 жылда елдің цифрлық сауаттылығы артады. Жаңа технологияға жақын адамдар саны 3 млнға жетеді деген болжам бар. Үкімет басшысы Асқар Мамин осы ретте, "Еліміз цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті болуы тиіс", деді. Бұдан бөлек Премьер-министр білім саласына лимитсіз интернет енгізу қажет деген тапсырма берді.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ:

Әкімдіктер цифрлық білім алу талаптарына сәйкес заманға сай компьютерлік жабдықтармен, робототехника кабинеттерін мектептерге арналған Steam жаңа ғылыми-техникалық әдіснамасын қосымша сатып алуды қамтамасыз етсін.


А. Мүтәлі