Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Қазақстан» шахтасында болған апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2886
«Қазақстан» шахтасында болған апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі

«Қазақстан» шахтасында болған апатқа жұмыс беруші кінәлі. Қарағандыда арнайы құрылған сараптау комиссиясының мүшелері бүгін осындай қорытынды жасағандарын мәлімдеді.

Нығметжан Мақажанов, «Қазақстан» шахтасындағы апаттың себебін анықтау бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы:  

Еңбек кодексіне сай жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі. Оның үстіне компания кен қазу барысында кенеттен болуы мүмкін апаттардың алдын алу үшін тиісті қауіпсіздік шараларын толық қолданбаған. Сондықтан ғалымдарды тарта отырып, жер қыртысын алдын ала зерттеуге кеңес бердік.

Еске салсақ, 31 тамызында «Қазақстан» шахтасында кенеттен метан газы мен көмір қыртысы жарылған болатын. Салдарынан 600 метрден астам терең жер астында 3 кенші қаза тапты. Тағы 4 жұмыскер жарақаттанды. Апаттан кейін арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, қайғылы оқиғаға кінәлілерді анықтауға кіріскен еді. Комиссия құрамына өндірістік қауіпсіздік және индустриялдық даму комитетінің сарапшылары, тау-кен құтқарушылары, еңбек инспекциясы басқармасы мен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының өкілдері, сондай-ақ, Қарағанды облыстық әкімдігінің шенеуніктері кірген. Олар үш ай бойы оқиға орнын тексеріп, шахтерлардан сауал жинаған. Сарапшылардың айтуынша, апат кенеттен болғандықтан, қаза тапқандар құтқару қондырғысын киіп үлгермей, газға тұншығып қалған.