Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атыраулықтар тапсырылған тест нәтижесін апаталап күтіп жүр

AstanaTV
01.07.2020ж. 20:00
2208
Атыраулықтар тапсырылған тест нәтижесін апаталап күтіп жүр

Ал, атыраулықтар короновирусқа тапсырған сынама нәтижесін апталап күтуге мәжбүр. Қордаланып қалғаны соншалық, қортындысы шықпаған сынама саны аймақта 10 мыңға жеткен. Бұл деректі облыстың бас дәрігері Нұрлыбек Қабдықапаров мойындап отыр. Оның айтуынша, қалыпты жағдайда тест қорытындысы 2-4 күн ішінде дайын болу тиіс. Алайда, алынған сынаманы тексеретін тест жүйесі тауысылып қалып жұмыс созылып кетіпті. "Бұл мәселе жақын арадал шешіледі", деді аймақтың бас дәрігері.

Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ұлттық сараптама зертханасы - республикалық лаборатория. Ол бізге бағынышты емес. Ол тікелей республикалық Ұлттық зертханасына бағынады. Бірақ өзімізде қорда тұрған табылып, демеушіліктен түскен  тестпен бүгін ғана тапсырылды.

Екі апта бұрын алынған сынамалар осы күнде демеушілер көмегімен алынған тест жүйе арқылы тексеріліп жатыр. Яғни, көп кешікпей нәтижесі шығуы тиіс. Жергілікті дәрігерлер айтпақшы осы күнде тест нәтижесін күтпей ем-дом жасайтын болған. Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, ақ халатты абзал жандар, компьютерлік томография мен өзге де қосымша лабораториялық нәтижелерге қарап науқастарды емдей береді екен.

Б. Надирқызы