Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде тағы төрт адам көз жұмды

Ақтөбеде тағы төрт адам көз жұмды

Ақтөбеде пневмониядан тағы 4 адам қайтыс болды. Осылайша облыста өкпе қабынуы дертінен көз жұмғандар саны 66 адамға жетіп отыр. Ал, жұқтырғандар қатары 246 адамды құраған. Алайда, дәрігерлер пневмония кеселі аймақта тұрақтанып келеді деп отыр.

Әсет ҚАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Алдыңғы апталардан қарасақ бір күннің өзінде 200-ге жуық адамды бізге пневмониямен әкелген болатын. Қазір үш күнде 246 адам, оның 56 кеше түсіп отыр. Сондықтан ойлаймыз пневмония байланысты эпидемиологиялық жағдай бірте бірте тұрақтанып келе жатыр деген сенімдеміз.

COVID-19 сияқты пневмония дертіне қатысты да көп ақпарат тарап жатыр. Арасында фейк жаңалықтар да жетерлік. Мысалға, мына видеода, "Ақтөбе ауруханасынан күніне 50 мәйттен шығарылып жатыр", деп айтылған.

"Бұл шыдыққа жанаспайды", дейді жергілікті дәрігерлер. Өтірік сөйлеген азаматты полиция іздестіріп жатыр. Табыла қалса қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ол ҚР ҚК 274 бабы жалған ақпарат тарату деген. Осы бап бойынша интернет ресурстары мен әлеуметтік желіде таратқан шыңдыққа сәйкес келмейтін авторлары мен оны таратушыларда жауапты болады.

Бұл өңірде таратылып отырған бірінші фейк емес. Жыл басынан бері жалған сөйлеген 3 адам ұсталды. Бәрі әкімшілік жауапқа тартылды.

Б. Рақметова