$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда түрме ауласына әлдекімдер ұялы телефондарын лақтырып кеткен

AstanaTV
02.07.2020ж. 20:00
3870
Оралда түрме ауласына әлдекімдер ұялы телефондарын лақтырып кеткен

Оралдағы абақтының ауласына он шақты телефон лақтырып, сотталғандарға сыйлық жасамақ болған күдікті іздестіріліп жатыр. Айласын асырмақ болған жұмбақ жан 17 ұялы телефон, 19 қуаттағыш құрылғы мен 50-ден астам сим-картаны темір тордың ауласынан асырып, ішке лақтырыпты. Бірақ күдікті заттарды түрме күзетшілері бірден байқаған. Түзету мекемесінен хабарлағандай, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Мамандар "құнды" сыйлықтың кімге арналғанын анықтамақ. Ол үшін абақты қызметкерлері мен түзету мекемесінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де тексерілетін болады. Кінәлі табылса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ертай ШАКЕНОВ, РУ 170/3 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тінту жұмыстары өте күшейтіліп, қазіргі уақытта кішкене болса да іште азайды, жоқ деп айтуға болады азайып келе жатыр қазір тыйым салынған заттар. Мына колония қаланың ішінде тұрғаннан кейін және үйлер өте жақын салынған. Медициналық бетперде киіп келіп, қашып кетіп, үйлердің арасына кіріп кетіп, сол қиындау.


Е. Карин