Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шардара су қоймасының зақымдануына қауіп төндіргендер жазаланды

AstanaTV
02.07.2020ж. 20:00
4595
Шардара су қоймасының зақымдануына қауіп төндіргендер жазаланды

Шардара су қоймасының зақымдануына қауіп төндірді. Аудандық прокуратура стратегиялық маңызы бар аумаққа рұқсатсыз кірген 5 автокөлік иесін жауапкершілікке тартты. Бөгет жанында темір тұлпарларымен "сауық құрып жүргендердің" видеосы «WhatsApp» желісі арқылы тараған болатын. Прокуратура "еріккендердің бұл әрекеті су қоймасын зақымдауы мүмкін еді",- дейді. Кінәлілер Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты. Екі жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекеттік күзеттегі аумаққа көлікті кіргізуге рұқсат бергендер де жазадан тыс қалмады.    

Бекжан БАЛҚЫБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШАРДАРА АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ал су бөгетінің қауіпсіздігіне жауапты Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлеріне қатысты аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, оның қаралу нәтижесімен, мемлекеттік қорғалуындағы нысанға жеңіл көліктерді заңға қайшы кіргізген полиция қызметкері атқаратын лауазымынан босатылған, тағы үш қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы қадағалау жұмыстары күшейтілді.

А. Төребекқызы