$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодардағы ірі зауытта алапат өрт болды

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
3466
Павлодардағы ірі зауытта алапат өрт болды

Павлодарда бұрынғы картон-рубероид зауытында алапат өрт болды. Қызыл жалын 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер оны ауыздықтау үшін 3 сағат бойы арпалысты. Ғимараттың шатыры мен сырты темір қоршаулармен қапталғандықтан, отты бірден сөндіру қиынға соғыпты. Төтеншеліктердің болжамынша, қызыл жалынның тұтануына зауыттағы мұнай қалдықтарының жануы себеп болған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 9 техникасы мен 32 қызметкері жұмылдырылды. Көмекке Павлодар мұнай химия зауытының қызметкерлері де келді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін автоцистернаның көбікті генераторы қолданылды.

Ербол ТЕМІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрт таңғы сағат 04-45-те ауыздықталып, 07-35-те толығымен сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептерімен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Өрттің қауіптілік деңгейі шақыру кезіндегі 3-рангке жатады. Бұл өрттің ең жоғарғы, қауіпті деңгейі болып саналады.

Ө. Қуанар