Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «АССМ-01» құрылыс компаниясының басшысы 600 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2500
Астанада «АССМ-01» құрылыс компаниясының басшысы 600 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр

Астанада алданған үлескерлер саны артты. «АССМ-01» ЖШС басшысы үлескерлердің 600 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілікті. Мұны Астана қалалық прокуратурасының өкілдері хабарлады. Елордада бірнеше тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясына 99 үлескерден шағым түскен. «АССМ-01» ЖШС басшысы Смағұловты екі айға қамау туралы сот санкциясы шыққан. Компания "Алтын бұлақ", "Ақерке 1", "Ақерке 2" "Мұнар 2", "Қорғалжың кварталы" тұрғын үй кешендерін салуды жоспарлаған. Алайда, кейбірінің құрылысы соңына дейін аяқталмапты. Қазір тергеу ісіне байланысты күдіктінің мүліктеріне арест қойылған.

Ұлан Кұлажанов, Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының аға прокуроры:

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабының 4 бөлімі 2 тармағы бойынша айып тағылып отыр, яғни ірі көлемдегі өзгенің мүлігін өзіне иемдену алу. Ақшаны жымқырып кету бойынша Смағұловқа қатысты 99 азаматтан Астана қаласы Ішкі істер департаментіне шағым түсті. Қазір ол уақытша қамау изоляторында.