Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қасым-Жомарт Тоқаев: 13 шілде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

AstanaTV
09.07.2020ж. 20:00
2874
Қасым-Жомарт Тоқаев: 13 шілде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қазақстанда 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен "Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Президент қазір уайым мен қайғыға батып, еңсені түсіретін кез емес деді. Мемлекет басшысы сондай ақ, халықты түрлі қауесетке сеніп, дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек.

А. Мүтәлі