Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мектеп оқушыларын мамандық таңдауға баулу

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
4107
Мектеп оқушыларын мамандық таңдауға баулу

Мамандық таңдау - маңызды қадам. Алматыда мектеп оқушыларын мамандыққа баулу үшін «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы әлеуметтік тұрмысы төмен өскелеңге экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырды.  «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасы аясында кәсіптік колледждердің бірін аралатып, ондағы мүмкіндіктермен таныстырды. 20-ға жуық мектеп оқушысы автоккөлік қозғалтқышын жөндеу, компьютерлік диагностика жасау, электрлік қызмет көрсету, тігіншілік сынды бағыттарды оқыту жүйесін өз көздерімен көрді.

Партия филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Райхан Бөлекбаева, мамандыққа баулу шарасы жаз басынан бері өткізіліп келе жатқандығын, оның үстіне, техникалық маман даярлайтын кәсіптік колледждерде көптеген орынға бүгінде тегін қабылдайтындығын айтты. Экскурсияға жиналғандар болса, бұл жобаның болашағымызға сәл де болса үлесі тиді, дейді.

Айсұлу Аманқызы, мектеп оқушысы:

Маған өте ұнады. Кішкентаймынан арманым - модельші болу. Бүгін соның процесі қызықты болды. Көріп, үйреніп кеткенім.

Райхан Бөлекбаева, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі:

Түбегейлі жасөспірімнің санасын түзетуіміз керек. Күрделі жақты тәрбиелеуіміз керек. Бұл деген бірінші - Отанымызға деген үлесі болуы керек ертеңгі күні. Содан кейін жақсы мамандық таңдаса, Отанымызға да, елімізге де бірталай пайда келтіреді дейміз.