Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында "қылмыс серкелері" 27 жасар жігітті өлімше сабаған

Түркістан облысында "қылмыс серкелері" 27 жасар жігітті өлімше сабаған

Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті полиция жұмысына өкпелі. Өйткені, 27 жасар інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмай жүр. Әділдік іздеген жігіт ағасы Ішкі істер министрі мен Бас прокурордан көмек сұрап отыр.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ:

Сол жердің местный авторитеттері олардың бәрі қосылып, Әуезханды байлаулы халде аяузсыз танытып, оның қол аяғы байлаулы осылайынан, байлаулы дәрменсіз жатқан халінде оны аямастан соққыға жығады.

Бұл жағдай биылғы мамырда болған. Шағымданушының айтуынша марқұм, тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған. Мұны, қыздың әкесі біліп қалып жергілікті "қылмыс серкелерін" шаыртыпты. Сөйтіп, Әуезхан соққыға жығылған. Марқұм ауруханада төрт күн ес-түссіз жатып көз жұмыпты.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ:

Барған кезімізде беті соншалықты қан, түрі көрінбейді. Бірақ есінде. Көзімізше ұрып жатыр. Алты адам болды олар. Мен оған ешқандай көмек бере алмадым.

Полиция төбелеске қатысы бар екі күдіктіні ұстапты. Қалған төртеу куігерге айналған. Арызданушы, інісімен байланыста болған келіншек пен оның әкесін де жауапқа тарту керек, деп отыр.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ:

Сарыағаш қаласының РОВД-ның полиция қызметкерлері бұл істің бәрін бұрмалап жатыр. Інімнің сол жақ иығының төбесінде пышақтың ізі тұрады. Экспертизада ол нәрселердің ешқайсысы көрсетілмеген.


Полиция департаменті болса, бұл істің жіті қаралып жатқанын алға тартты. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» баптары бойынша іс қозғалған. Болат Баймұрзаевтың айтуынша, інісінің өліміне себепші болған бұзақылар қысым көрсетіп жатқан көрінеді.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ МАРҚҰМ Ә.БАЙМҰРЗАЕВТЫҢ АҒАСЫ:

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов мырза. Сіздерден өтінерім осы қылмыстық істі өз қадағалауларыңызға алуыңызды сұраймын. Себебі біздің ішкі істер басқармасының Сарыағаш қаласының ішкі істер қызметкерлері ешқандай бізді қорғап та ала алған жоқ. Ешқандай мына істі әділ жүргізген жоқ. Қазіргі таңда мен өз өмірімнен қорқамын.


А. Төребекқызы