$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақстанда белгісіз пневмония тарады" деген Қытайға ҚР СІМ жауап берді

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
2289
"Қазақстанда белгісіз пневмония тарады" деген Қытайға ҚР СІМ жауап берді

"Қазақстанда белгісіз пневмония тарап жатыр, одан өлгендердің саны коронавирус құрбандарынан әлдеқайда көп". Жуырда Қытай билігі шетелдік ақпарат құралдарына осындай ақпарат таратқан. Бұған еліміздің сыртқы істер министрлігі бүгін жауап берді. Ведомство басшысының орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, тараған ақпаратқа Қытай елшілігі өзгерістер енгізіпті.

Ержан АШЫҚБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мырзамен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгерістер енгізді.

А. Данияр