$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тәжікстанға 100 дана өкпені жасанды желдету құрылғысы жіберіледі, - ҚР ДСМ

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
3043
Тәжікстанға 100 дана өкпені жасанды желдету құрылғысы жіберіледі, - ҚР ДСМ

Қазақстан Тәжікстанға 100 дана өкпені жасанды желдету құрылғысын жібереді. Әлеуметтік желіде осындай хабарлама тарады. Бұл фейк емес екен. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова растады. Ол, бұл құрылғыны оттегі концентратымен шатастырмауды сұрады. Айтуынша, гуманитарлық көмек ретінде баратын аппараттар жедел жәрдемге арналған. Сөйте тұра Бюрабекова ханым өзімізге 5 680 жасанды тынысалу аппараты қажет екенін жеткізді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Қазақстан Тәжікстанға 100 ИВЛ аппаратын жібереді екен деген мәліметтер болып жатыр. Сол қаншалықты рас? Қазіргі таңда өзіміздің елде де ИВЛ аппаратының жетіпеушілігі бар ғой.

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне демеу білдіріп жатыр. Елімізге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек беруде. Расында да Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға жылдың соңына қарай ондай аппараттарды жөнелту мәселесін қарастыруда.

Иә, қысылтаяң сәтте әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып, қажетті құралдармен қаматамасыз етуде. Қазақстанға да әлемнің 15 елі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гуманитарлық жүк келді. Арасында 98 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оған тағы 2-ін қоссақ, тәжікке жіберетін 100 дана құрылғы шығады екен.

Ержан АШЫҚБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

5 миллион 200 мыңға жуық бетперделер, 98 ИВЛ аппараттары, 260 мың түрлі тестілеу жүйелерін, сынама жүйелерін сондай-ақ 3 мыңға жуық тепловизорлар мен термометрлерді әкелдік.

Басы дауға қалған "СК-Фармация" гуманитралық көмекті неге 2 бойы тараптай отырып алды? Көптің көкейінде жүрген бұл сұраққа да жауап табылды.

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болды. Сол себепті, жұмыс уақтылы орындалмады.  Бүгінгі күні барлық қажетті жұмыстар аяқталды.

Бұдан бөлек, бүгін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыың басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті. Ол, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды. Ал, басқарма басшысы міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады.

COVID-19 бойынша қысқаша мәлімет. Әлемде қытайлық кеселді жұқтырғандар саны 13 жарым миллионға жетті. Ал, елде жұқпалы індетті өткен тәулікте 1700-ден астам адам жұқтырған. Жалпы республика көлемінде 63 мыңнан астам науқас тіркелді. 38 мыңнан астамы жазылып шықты.

А. Данияр