$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елдегі станционарлар мен ауруханалардың жағдайы мәз емес - Халықтық бақылау тобы

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
1490
Елдегі станционарлар мен ауруханалардың жағдайы мәз емес - Халықтық бақылау тобы

Елдегі станционарлар мен ауруханалардың жағдайы сын көтермейді. Дәрі-дәрмек жетпейді, санитарлық ережелер сақталмайды. Бұл көп сынның бір-екеуі ғана. Мұны, жаңадан құрылған "Халықтық бақылау" тобы анықтап отыр.

Бибінұр ШЫРАЛИЕВА, ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бақылау кезінде дәр-дәрмек, тамақ, ауыз су тапшылығын көп байқадық. Науқастардың тамақты сырттан тасып жүргенін көзімізбен көрдік. Бірнеше емхананы аралап шықтық. Көбінде осы жағдай.

"Халықтық бақылау" тобы рейдт жүргізуге құқылы. Бірақ бір шарт бар. Олар, медициналық персоналдың жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Дегенмен тексерістер еш ескертусіз жүреді. Шынайы көрініс осының арқасында анықталады. Ал, анықталып жатқан олқылықтар Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізіледі.

Вера КИМ, ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Халықтық бақылау тобы барлық өңірде құрылды. Қатарымызға қосылып жатқан жастар көп. Мақсатымыз короновирустық инфекциямен бірге алысу және жеңу!

Белсенді топ сондай ақ шетелден келген гуманитарлық көмекті де өз бақылауына алған. Медикаменттердің заңсыз саудаға шығып кетпеуін және дұрыс үйлестірілуін қадағалайды.

Ғ.Өтемісов