Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы Ақтөбеде сәтті жүзеге асырылып келеді

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
3912
«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы Ақтөбеде сәтті жүзеге асырылып келеді

Ақтөбе облысындағы "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың?» акциясын өткізді. Олар 40-тан аса қарияға тұрақты түрде көмек қолын созып келеді. Бүгін соғыс ардагері Иван Шевченконың үйіне барды. Жастар бау-бақша орындарын тазалап, үй шаруашылығына жәрдемдесті. Көктемде бұл бақшаны егуге де жасотандықтар көмек қолын созған еді. 94 жастағы қария екінші дүниежүзілік соғыста Тынық мұхитының теңіз флотында әскери борышын өтеп, өңірге 50-інші жылы келген. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 31 жыл балқытушы болып еңбек етті. Ол өзі көрген соғыс отын  кейінгі ұрпақтың ешқашан көрмеуін тілейді. Ал, жастар болса, осындай ардагерлерге құрмет көрсетуді өздерінің борышы санайды.

Асылжан Бүркіталин, «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:

Жыл бойы біз 42 ардагерге, зейнеткерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатырмыз. Бұл жоба күні кеше басталған жоқ. Бұл жоба бірнеше жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асып келеді және алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Иван Шевченко, соғыс ардагері:

Қазір бақшамда не болып жатқанын көріп тұрсыздар ғой. Қазір өзім ешнәрсе істей алмаймын. Маған келіп осылай көмектеседі.