Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
6277
Эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр

Астанада ерекше сәнді етіп тігілген эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр.  Ресейдің «Союз меха» компаниясы қыс қарсаңында қыз-келіншектерге осындай тарту жасауды ұйғарған. Көрмеде ішіктер мен тондардың 5000-на аса түрі қойылып отыр. Бағасы 200 мыңнан бастап 2 миллионға дейін барады. Ал ақысын бөліп төлеушілер үшін жеңілдіктер бар.

Жәрмеңкеде көздің жауын алатын тондардың сан алуан түрі бар. Олардың арасынан таңдау жасау да оңай емес. Бүгін  бағалы да, жылы киім алуға астаналық Ерсұлтан Ергешов  өз талғамына сай ішігін іздеп келді. Оның мына қара күзен терісінен тігілген жылы да, киюге ыңғайлы ішікке көзі түсті. Бағасы да қолжетімді дейді.

Ерсұлтан Ергешов:

Көптеген магазиндерді көрдім. Арзандауы да бар, қымбаттауы да бар. Маған осы жерді айтты, "Союз меха" көрмесін барып көріңіз деді. Онда үлкен деп. Бағалары тиімді, әрі сапалы. Сонымен жарайды деп, осында келдім. 

Жәрмеңкеге қойылған тондар мен ішіктер кез келгеннің көңілінен шығады. Талғампаз ханымдар үшін сапасы жоғары, әрі барынша сәнді етіп тігілген бұлғын ішіктер бар. Құндыз, қаракүзен сияқты бағалы аң терісінен тігілген тон-ішіктер қаз қатар тізілген. Өндірушілер шикізатты негізінен Канада, Дания, Финляндия, Австрия елдерінен сатып алады. 

Гүлназ Абылаева:

Осы жерге келген себебім, мен басқа дүкендерде болдым. Бірақ мен ол жерден өзім іздеген шубаны таппан жоқпын. Ал мен рекламада көріп келдім бұл жерге. "Союз меха" выставка болып жатыр деген соң. Шубалар ұнады. Әдемі. Қатты ұнаған осы үстімдегі шуба.

"Союз Меха" компаниясы мутон мен түлкі терісінен жасалған ғажап тондардың да сан алуан түрін ұсынып отыр. Сондықтан сапалы ішік сатып алу үшін шетелге барудың қажеті жоқ дейді мамандар.

Жазира Тұрлыбай, кеңес беруші-сатушы:

Бізде рассрочка бар. Оған 15 пайыз скидка бар. Қолжетімді бір жылға процентсіз бөліп беру. Несиелер бар 3 жылға, 6 жылға дейін. Оларға да 15 процент скидка. Біздің халыққа жақсы бір жылға процентсіз бөліп беру.

«Союз меха» компаниясының тондар жәрмеңкесі елордада Тәуелсіздік сарайында қазан айының 1-ші жұлдызына дейін жалғасады.