$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сыр өңіріндегі мыңдаған гектар күріш алқабы қурап кетуі мүмкін

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
2185
Сыр өңіріндегі мыңдаған гектар күріш алқабы қурап кетуі мүмкін

Сыр дихандары судан тапшылық көріп отыр. 21 мың гектар күріш алқабының қурап қалу қаупі туды. Шаруа қожалықтарының кейбірінде егістіктің жартысы қурай бастаған. Дихандар, "Белшемізден шығынға бататын болдық", деп отыр.

Бауыржан КӨПЕЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

15 күннен асты өздеріңіз көріп тұрғандай егістік алқабында су жоқ. Дариядағы судың деңгейін көріп тұрмыз. Каналдардың ішіне су соратын насостарды орнатып, қолдан келгенше істеп жатырмыз. Бірақ ол су жеткіліксіз болып жатыр.

Шаруалар осы күнде жасанды арнадан су алып отыр. Бірақ бұл мәселені шешетін емес. Өйткені, ескі су егістіктің жартысына да жетпей қалатынын айтты. Негізі су тапшылығы болатынын шенеуніктер шаруаларға бірнеше мәрте ескертіпті. Алайда шаруалар жоспарлы 81 мың гектардан бөлек қосымша 8 мың гектар жерге күріш егіпті.

Бақыт ЖАХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күріштің бағасы жоғары болғаннан кейін қызығушылық білдірген деп ойлаймын. Облыстың суға деген қажеттілігі секундына 600 куба метр. Бірінші тамыздан судың деңгейін 300-400-ге дейін түсіретін болса аяғында егілген яғни майдың ортасында маусымның басына дейін егілген күріштер ол кезге дейін пісіп үлгірмейді.

Қуаңшылықтың негізгі себебі Шардара су қоймасындағы су деңгейінің түсіп кетуі. Бүгінде мұнда екі жарым миллиард текше метр су бар. Бұл өткен жылғыдан 1 млрд текше метрге аз. Ал, күріш суда кемінде 100 күн тұруы қажет. Дегенмен шаруалар бұл мәселесі шенеуніктердің назарында. Облыс әкімдігі Су ресурстары комитетімен бірлесіп тығырықтан шығудың амалын қарастырып жатқанын хабарлады. Тек, ол шешім шыққанша күріш алқабы қурап кетпесе игі.

Д. Мұхаммедкәрім