Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда кейбір тұрғын үйлерге жылу бірнеше аптадан кейін ғана берілмек

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
2044
Қызылжарда кейбір тұрғын үйлерге жылу бірнеше аптадан кейін ғана берілмек

Қызылжарда кейбір тұрғын үйлерге жылу бірнеше аптадан кейін ғана берілмек. Бұл жайында бүгін жылу тарату компаниясының өкілдері хабарлады. Жылыту маусымы ресми түрде қыркүйектің 25-і басталды. Құзырлы мекеме өкілінің айтуынша, қаладағы 100-ден астам әлеуметтік нысандардың түгел дерлігіне жылу берілген. Ал тұрғын үйлердің үштен бірі, яғни бүгінде 300-ге жуық баспана жылуға қосылды. Қалғандарына жылу жоспарға сай жіберілмек. Алайда, кеш оянатын пәтер иелері кооперативтері де бар. Шаһардағы 200-ден астам үйдің қажет құжаттары дайын емес болып шықты. Қазір олар бүкіл олқылықтарын жойып әлек. Ал кей бұқара құбырларды дайындау ісіне мүлде селқос қарайды екен. Жылу жүйелері компаниясы оларды ең соңында қосатындарын айтады.

Игорь Рыбас, «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС бас директоры:

Кейбір үйлер төрт жылдан бері жылыту маусымына дайындалмай жүр. Құбырларды бір-екі жыл тазартпасаң, оның ішін тот басып, олар бітеліп қалады. Кейін батарейлер жылынбай тұрады. Біз оларға жылу бермейміз дедік. Содан соң ғана қимылдай бастады. Жылыту маусымы ресми түрде басталған күннен кейін бізге барлық ғимараттарды қосуға 25 күн беріледі. Біз әлгі жауапсыз баспаналарды ең соңында қосамыз.