Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскеменде тұрғын үйге тиесілі 37 жер телімінің қожайыны анықталып жатыр

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
1719
Өскеменде тұрғын үйге тиесілі 37 жер телімінің қожайыны анықталып жатыр

Өскеменде жаңа мөлтек ауданға тиесілі 37 жер телімінің кімге сатылғаны анықталмақ. Мұнымен арнайы құрылған жұмыс тобы айналысып жатыр. Облыс әкімдігінде өткен жиында күтпеген жағдай мәлім болды. 19 мөлтек ауданға инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелер тарту үшін бюджеттен ондаған миллиард теңге бөлінген. Алайда, көпқабатты үйлерді салатын жер жоқ болып шықты. 2005-2009 жылдар аралығында бұл аумақтар жекеге беріліп кеткені енді ғана белгілі болып отыр. Бірақ соңғы он жылда мұнда бірде бір нысан бой көтермеген. Енді  құрамында жер комитеті, бақылаушы құрылым өкілдері бар жұмыс тобы аталмыш телімдердің жеке тұлғаларға берілу заңдылықтарын тексеретін болады.

Дәулет Сарманов, Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

Әрбір жер учаскесіне сараптама жасалады. Қай кезде берілді, кім берді, заңды ма, заңсыз ба. Жұмыс тобының тексеруі нәтижесінде әкімшілік шара қолдану немесе жерді мемлекет қажеттілігіне алу туралы шешім қабылданады.