Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атбасар ауданында өртенген үйіндінің арасынан балалардың мәйіті табылды

AstanaTV
29.07.2020ж. 20:00
2867
Атбасар ауданында өртенген үйіндінің арасынан балалардың мәйіті табылды

Ақмола облысы Атбасар ауданындағы Хрящевка кентінде жер үй өртеніп кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала қаза тапты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті келтірген деректерге қарағанда өрт таңға жуық болған. Ол кезде үйде 5 баласымен ата-анасы да шырт ұйқыда жатқан. Таңғы тәтті ұйқыда жатқанда отағасын ұлдарының үлкені оятыпты. Ол шамамен таңғы бес жарым. Үй иесі терезені шағып жұбайы мен екі баланы құтқарып үлгерген. Қалған 3 баласын шығарып үлгермепті. Ауылға өрт сөндірушілер, 25 шақырым қашықтықтан, яғни аудан орталығы Атбасардан келген. Жалын толықтай шамамен сегіз жарымда сөндірілді.

Қанат ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ м.а:

Сағат 8:23-те үйіндіден үш баланың күйіп қалған мәйіті табылды. 8:25-те от толықтай сөндірілді. Атап өту қажет. Бұл отбасы қарапайым. Әлеуметтік органдар мен полиция бөлімі тіркеуінде тұрмаған.

Өртті басқалардан бұрын байқап қалған 2004 жылы туылған баланың оң жақ иығы мен арқасы күйіп қалыпты. Қазір ол аудандық ауруханада. 2012 жылы туылған қыз бала зардап шекпеген. Ата-аналары да дәрігерлер көмегіне жүгінбепті. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, 15, 13, 12 жастағы ұл балалардың өліміне байланысты аудандық полиция қылмыстық іс қозғады.

Д. Мұхаммедкәрім