$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жергілікті кәсіпкерлер көмегімен павлодарлық ауруханаларға 300 оттегі концентранты алынды

AstanaTV
03.08.2020ж. 20:00
2212
Жергілікті кәсіпкерлер көмегімен павлодарлық ауруханаларға 300 оттегі концентранты алынды

Короновирустық инфекциямен алыс майданында әр азамат өзіндік үлесін қосып жатыр. Саяси ұйымдар ғана емес кәсіпкерлер де қол ұшын беруде. Павлодардағы ауруханаларға, жуырда 300 дана оттегі концентранты алынды. Бұл "Nur-Otan" партиясы мен жергілікті меценаттардың тартуы. «Жаңа Павлодар» қоғамдық қоры  бастамасымен алынған жабдықтардың жалпы құны 104 млн теңгеге жуықтайды. Алматыдан жеткізілген аппараттар Ертіс өңіріндегі 3 қала мен 10 ауданға жеткізілді.
 
Гүлбақыт ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бүгін тағы да науқастарымызға ең қажетті кислородный концентраторлар алуға келіп отырмыз.  Бұл біздің Павлодар облысының ауруханаларына үлкен көмек деп ойлаймын. "Жаңа Павлодар" ұжымын осы бізге көмек көрсетіп жатқандары үшін рахметімізді айтқымыз келеді.

«Жаңа Павлодар» қоғамдық қорының құрылғанына небәрі 5-ақ ай болды. Осы аз ғана уақыт арасында ұйым белсенділері аймақтағы бірнеше ауруханаға көмек қолын созды. Қорға жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар қаржылай көмек көрсетуде.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «ЖАҢА ПАВЛОДАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қорды қаржыландыруға шағын және орта бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен "Nur Otan" партиясының депутаттары күш салды. Ал, жүкті жеткізуге «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері көмектеседі.

Ө. Қуанар