Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбыл облысында жол апатынан 3 палуан қаза тапты

AstanaTV
04.08.2020ж. 20:00
4110
Жамбыл облысында жол апатынан 3 палуан қаза тапты

Жамбыл облысынан қайғылы ақпарат. Кеше таңғы сағат 6:40 шамасында, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында ірі жол апаты болды. Жол жиегіне шығып кеткен көлік ішінде 5 спортшы болған. Өкінішке орай екеуі оқиға орнында, тағы біреуі Қордай аудандық ауруханасында қаза тапты.

Толқын ӨМІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
1999 жылғы науқастың жағыдайы ауыр, мидың серебральді ісінуі болған. Кеше ота жасалған отадан кейінгі науқастыңжағыдайы бүгінде бақылауда. Екінші науқас оның жағыдайы орташа деңгейде. Түрлі жарақаттар алған қабыршақтары көп.

Марқұм болған спортшылар арасында, Қазақстан чемпионы Жақсыбек Қарабалаев, халықаралық турнирлар жеңімпазы Ілияс Жұмай мен Жанбота Байбазар бар. Дәрігерлер осы уақытта Шыңғысхан Мұхаметқалиев пен Зауытбек Нұрдәулеттің жанын алып қалу үшін барын салып жатыр.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және көлік құралының  техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалды.

Б. Жұмабайұлы