$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тамыздың 6-8 аралығында елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, - «Қазгидромет» РМК

AstanaTV
05.08.2020ж. 20:00
2579
Тамыздың 6-8 аралығында елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, - «Қазгидромет» РМК

Тамыздың 6-8 аралығында елдің басым бөлігінде күн күркіреп, нөсер жүруі мүмкін. «Қазгидрометтің» болжамына қарағанда алдағы күндері бірнеше өңірде найзағай ойнап, күн жауынды болады. Батыста және солтүстік-батыста жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыста күн райы жауын-шашынсыз. Ал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Алматыда болса, 35 градусқа дейін күннің ысуы мүмкін, деп болжады синоптиктер.

А. Данияр