Павлодар облысының ауруханаларына тағы 169 оттегі концентраты жеткізілді. Дәрігерлер өңірде әсіресе шалғайдағы елді-мекендерде құрылғы тапшылық байқалатынын айтты. Сондықтан ақ халаттылар әр аппарат науқастың өмірін сақтап қалу үшін маңызды екенін айтты.
Бейнегүл АМАНЖОЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МЕДБИКЕСІ:
Пандемия кезінде оттегі концентратының жетіспеушілігі қатты сезілді. Бізде қолымызда бар аппараттар жетпеді. Сол кезде бізге меценаттар, қоғамдық қорлар көмек қолын созып, су жаңа аппараттар алып берді. Бұл дәрігерлерге үлкен көмек. Әлі де оттегі концентраттарын әкеліп жатыр. Бүгін де 9 аппарат алдық. Рахмет айтамыз!
Медициналық аппараттар «Шұғыла» қоғамдық қорының қаражатына алынған. Олар республика бойынша 4 мың аппарат сатып алған. Оның 240-ын Кереку өңіріне бөлінген. Бұған жалпы соммасы 450 млн-дай қаржы жұмсалыпты. Оларды облыс, қалаларға жеткізуге партиялықтар көмек қолын созған.
Бауыржан БЕКМҰРЗАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ "SANTEHPLAST-2050" ЖШС БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Осыдан бірнеше күн бұрын 240-тың 40 данасы келіп, біз өңіріміздің 10 ауданына таратқан болатынбыз. Әрбір больницаларға, әрбір ауруханаларға таратқан болатынбыз. Енді 169 қазір келіп отыр. Бұны да 16 біздің Павлодар облысының аудандарына тарататын боламыз.
Ө. Қуанар