Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда кішкентай қызды алып кетпек болған күдікті азамат ұсталды

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
2312
Атырауда кішкентай қызды алып кетпек болған күдікті азамат ұсталды

Атырауда бүлдіршінге зорлық жасамақ болды деген күдіктілердің біреуі ұсталып, қамауға алынды. Бұл келеңсіздік тамыздың 6-сы қала маңындағы Көктем ықшамауданында болған. Азық-түлік дүкенінің жанында ішімдік ішкен ер адамның бірі, сол маңда жүрген кішкене қызды қолынан ұстап, алып кетпек болған. Мұны байқап қалған куәгерлер полиция шақырып, кішкентай қызды арашалап қалыпты. Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, күдіктінің қасында тағы бір азамат болған, бірақ ол құқық қорғаушылар келгенше қашып үлгеріпті. Қазір полиция 42 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
 
Гүлнәзира МҰХТАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Көктем ықшамауданында болған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлермен күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. ҚР ҚК 121-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


Б. Надирқызы