Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Пневмониядан бір апта ішінде 120 адам қайтыс болды, - ДСМ

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
2461
Пневмониядан бір апта ішінде 120 адам қайтыс болды, - ДСМ

Бір аптаның ішінде коронавирус расталмаған, бірақ індет белгілері бар пневминиядан 120 науқас көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге қарағанда, өткен тәулік ішінде өкпе қабынуынан 18 өлім дерегі тіркеліпті. Ал, кеше пневмонияға 1400-ден астам адам шалдыққан. Жаңа статистика қосылғалы бұл ауруды 11 мыңнан аса адамның жұқтырғаны белгілі болды. Әзірге олардың арасында жазылып шыққандар туралы бірде-бір ақпарат жоқ. Енді, COVID-19-ға келсек. Тамыздың 3-7 аралығында 131 қайтыс болу фактісі тіркелген. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, өлім-жітім мен жұқтыру жағдайы кейінгі күндері көп төмендеген. Соңғы 4 күннің ішінде кеселге 3100 адам шалдығыпты. Алдыңғы көрсеткіштер де бұл сан 5-6 мың аралығында еді. Бірқатар аймақтарда да жағдай тұрақталып келеді. Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарында індет көрсеткіші төмен. Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен бұл аймақтарда карантиндік режим жеңілдетіле бастады. Айта кетейін, бұл "қытайлық індетті жеңдік" дегенді білдірмейді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурыз - 6 тамыз аралығында COVID-19-ға шалдыққан 96922 жағдай тіркелді. Оның 70680-і сауығып шықты. Өкінішке қарай, 1189 адам құрбан болды. Қазір ауруханада жағдайы ауыр 171 науқас бар. 28 адам хәл үстінде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияға қарсы вакцина мен перепараттың әлі табылмағанын айтып отыр. Ал, көрші Ресей болса, "Коронавирусқа қарсы дәріні патенттедік", деп мақтанды. Айта кету керек, Қазақ елінде осы уақытта Аустралиялық екпе І-фазалы клиникалық сынақтан өткуде. Оған 40 адам қатысып жатыр. Вакцинаны елден бұрын қабылдағын Қайсар Табынов денсаулығының жақсы екенін айтады.

Қайсар ТАБЫНОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАКЦИНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


COVAX-19 екпесін қабылдағаныма 8-күн өтті. Кеше иммунитетімнің қаншалықты жұмыс істеп жатқанын білу үшін биохимиялық және гематологиялық қан талдауын тапсырдым. Барлық көрсеткіштер қалыпты деңгейде. Вакциналық ақуызға антиденелер көрсеткіші келесі аптада дайын болады.

А. Данияр