Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістанда жоғалған бойжеткен Алматыдағы базарлардың бірінен табылды

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
3647
Түркістанда жоғалған бойжеткен Алматыдағы базарлардың бірінен табылды

Осыдан екі апта бұрын Түркістан облысының Отырар ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен, Алматыдағы базарлардың бірінен табылды. 19 жастағы Ұлпан Әсен аман-есен, қазір үйіне жеткізілді. Туыстары студент қыз ешкімге ештеңе айтпастан Алматыға өз бетімен кетіп қалыпты деді. Оны балмұздақ сатып жүрген жерінен тауып алғандарын айтты.

Айдар ЖАҚЫПБЕКОВ, ТУҒАН АҒАСЫ:

23-і күні Ұлпан қарындасымды жоғалтып алған едім. Соны Астана телеарнасына бергем өтініш жасап. Сол қарындасымды таптым. "Алтын Ордада", "Барлық" базарында құймалы балмұздақ сатушы болып істейді екен. Сіздерге көп рахмет.

Ағасының айтуынша, Ұлпан мұның алдында, өз бетінше ақша тауып жұмыс істегісі келгенін білдірген. Алайда, жас қыздың жұмысқа шығуына үйдегілер қарсылық танытыпты. Сөйтіп, Ұлпан Алматыға қашып кеткен. Айта кетейік, оны Түркістан мен Алматы полициясы және еріктілер екі апта бойы іздеген болатын.

Ә. Лесбек