$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Күнкөріс деңгейі төмен зейнеткерлерге қысқы отын алуға бір реттік жәрдемақы төленеді

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
3536
Күнкөріс деңгейі төмен зейнеткерлерге қысқы отын алуға бір реттік жәрдемақы төленеді

Астанада көмір бағасының қымбаттауына «Қазақстан темір жолы» компаниясының темір жол тарифін бірден 25 пайызға қымбаттатуы себеп болған. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды. Бірақ, елорда шенділері бұған араласуға құқымыз жоқ деп отыр.

Азамат Рашитов, Астана қ кәсіпкерлік басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы:

Өздеріңіз білетіндей, бізде қазір нарықтық экономика кезеңі. Сондықтан әкімдіктің бұл жүйеге араласуға құқы жоқ. Дегенмен, бізге бұл мәселе таныс. Қалада Шұбаркөл көмірінен өзге Майкүбе, Қаражыра көмірлері бар. Көмірдің тоннаға шаққандағы бағасы 7500 теңгеден 15 мың теңге аралығында.

Астанада жылу маусымы ертең басталады. Ал қалалық әкімдік күнкөріс деңгейі төмен зейнеткерлерге көмір сатып алу үшін бірреттік жәрдемақы төлемек. Ол үшін Достық көшесі 13 мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарына жүгінуге болады. 

Салтанат Станбаева, Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу  бөлімінің басшысы:

Жер үйде тұратын зейнеткерлер, егер Астана қаласында басқа екінші үйі болмаған жағдайда және отбасының жан басына шаққандағы кірісі 3 күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, көмірді сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмектің мөлшері 18 152 теңгені құрайды.