Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Есірткі плантациясын иелерін тікұшақпен қуып жетті

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
1888
Есірткі плантациясын иелерін тікұшақпен қуып жетті

Шым-шытырман оқиғаға толы Голливуд киносына дайын сценарий. Сырдың мидай жазық даласында екі жаққа қашқан Toyota Land Cruiser көлігін арнайы күштер тік ұшақпен қуып жүріп ұстады. Көліктерді доңғалақтан атып тоқтатқан. Ғаламторды шарлап кеткен мына видеоға назар аударыңыздар.

Келтірілген деректерге қарағанда бәз біреулер Қызылорда мен Қарағанды облыстары шектесетін жерде жасырын плантация құрыпты. Ат шаптырым жерге есірткі шөбін өсіріп, өндірісін өркендеткен. Басына уақытша үй соғып, арнайы аграрлы техника алып қойған. Ішкі істер министрлігінің тік ұшағынан екі көлікпен қашқан сол "фермерлер". Арнайы жасақтың дауысты хабарламасына қарамай жаң жаққа шашырай қашыпты. Шамасы, "құтылып кетеміз", деп ойласа керек. Бірақ күдіктліер ұсталды. Ал, полиция оғынан жарақат алған күдіктінің жағдайы алыпты. "Өміріне қауіп, жоқ", деп хабарлады ішкі істер министрлігі. Ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Д. Мұхаммедкәрім