Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресей азаматы Түркістан облысында 5000 түп есірткі шөбін өсірген

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
2179
Ресей азаматы Түркістан облысында 5000 түп есірткі шөбін өсірген

Түркістан облысында бақшасына есірткі егіп байымақ болған Ресей азаматы ұсталды. Ол, осы облыстағы сыбайласымен бірге көптің көзіне көрінбейтін өзен жағасына қарасора отырғызып, әбден күтіп баптапты. Облыстық полиция қызметкерлері, бес мың түп есірткі шөбін анықтады. Айдаладан плантация ашқан екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Нұрым АҒМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:
 
Қосымша жедел іздестіру іс-шаралары барысында егіп өсіруге есірткі заттарын көмек көрсеткен, жағдай жасаған негізгі тұлға анықталып, оған қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы қабылданды.

Айта кетейік, бұл Түркістан облысында тіркеліп отырған бірінші жағдай емес. Жыл басынан бері мұнда есірткі шөбін өсірген 70-ке тарта дерек анықталған. Олардан, 170 келіден астам тиым салынған өсімдік түрлері тәркіленді.

А. Төребекқызы