Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтөбеде кооперативке алданған салымшылар облыстық прокуратураға барды

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
3474
Ақтөбеде кооперативке алданған салымшылар облыстық прокуратураға барды

Ақтөбеде «West house» кооперативінің салымшылары облыстық прокуратураның алдында шу шығарды. Пәтер аламыз деп жиған –тергенін салған тұрғындар алданып қалғанын айтып отыр. Халық, "Тым құрғанда салған қаражатымыз қайтса екен", дейді. Басшысы сотталып кетсе де жұмысы жүріп тұрған кооператив туралы тілшіміз Бақыт Рахметова әңгімелейді.

«West house» құрылысқа қатысы жоқ, қарапайым кооператив. Олар елді "үстеме ақысыз үй аласың", деп сендірген. Ақша салған жұрттың басы баспаналы болыпты рас. Бірақ кейінгілері "тақырға" отырған. Ісі әшкере болған кооператив басшысы Жадыра Садықова маусымның 15 күні "алаяқтық" бабымен сотталып кетті. Алайда, кәсіпорын "банкрот" болып танылмапты. Яғни, салымшылар қаражаты қайтпай қалған. Облыстық прокуратура алдына жиналған халық, «West house» кооперативін жауып, ақшамызды қайтарыңыздар", деген талап қойды.

Гүлмира СИСЕНБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әлі алдап жүр халықты. Олар жалған адамдарын сайлап, олар ақшаны қолма қол жинап кассаға салмай, шотқа салмай халықты әлі алдап жүр. Талабымыз «West house» арестке қою керек. Жасап жатқан жұмысын тоқтату керек. Шығынымызды өтеу керек.


Салымшылардың айтуынша, басшысы сотталғанымен кооператив осы күнде толық қанды жұмыс істеп тұрған көрінеді. Бірақ кәсіпорын, алданған халықтың ақшасын қайтаратын емес.

Нұрлайым ДОСМҰХАМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сот үкімі бойынша оған үйлер сатылып жатыр. Машиналар сатылып жатыр. Сол ақшаларды өздері жинап қолды қылып жатыр. Ол ақшаны кассаға салып, сбербанкке түсіп үлескерлерге таратылуы керек еді. Тағы да алданып жатыр. Сот үкімі шықса да Садықованың сенімді адамдары алдап жатыр.


Кооперативке сеніп ақшасын салған адам аз емес. 70-ке тарта салымшы, екі миллионнан бастап 14 миллион теңгеге дейін қаражатынан қағылған. Солардың 29-ы ғана сотқа арызданыпты. Шағым жазғандардың жалпы шығыны 60 миллион теңгені құрап отыр. Ақшасы қайтпай жатқан ел енді прокурорлардан араша сұрап отыр.

Баян ӘЛІШОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:


Қазір оны көтеріп не жағдай болып жатыр, қандай жұмыстар атқарылып жатыр. Қандай әрекеттер жүргізіліп жатыр олардың барлығын тексеру керек. Сондықтан алдағы уақытта адвокат Рахмановқа хабарласамыз.


Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Бұл қылмыстық іс материалдарын зерделеу үшін прокурорлар бір айдан астам уақыт сұрады. Алдағы уақытта бұл «West house» кооперативі мәселесін облыс прокурорлары өз бақылауына алмақ.

Б. Рақметова