Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Праймеризге оралдық қыз-келіншектер белсенді қатысып жатыр

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
2534
Праймеризге оралдық қыз-келіншектер белсенді қатысып жатыр

Батыс Қазақстан облысынан көпбалалы 6 ана "Nur Otan" праймеризінде бағын сынап көрмек. Жалпы алғанда партияішілік сайлауда оралдық қыз-келіншектер үлкен белсенділік танытып жатыр. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, батыстан праймеризге тіркелген 187 үміткердің үштен бірі қыздар көрінеді. Жігерлі жастар да аз емес. Аймақтан жасы 35 толмаған 63 белсенді тіркеліпті. Саясаттан төбе көрсеткісі келгендер арасында мүгедек жандар бар. Оралдан 3 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш берген екен. Айта кету керек Батыста "Nur Otan" атынан тіркелген үміткерлердің 23-і ғана депутат. Қалғандары халық арасынан шыққан белсенділер.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


«Nur Otan» партиясында жоқ азаматтар болса, яғни өздерінің пікір-ойлары, беделдеріне сенімді болса, халыққа, елген атқарамын деген ұсыныстары болса, болашақта осы ел үшін шынайы қызмет етемін деген азаматтар болса, біз қатарымызғға қосып, өздерінің мүмкіндіктерін сынауға жағдай жасаймыз.

Е. Карин