Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бақытты отбасы орталығының келушілеріне 16 мың медициналық бетперде берілді

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
1763
Бақытты отбасы орталығының келушілеріне 16 мың медициналық бетперде берілді

Алматыдағы бақытты отбасы орталығы бүгін 16 мың медициналық бетпердемен толықты. Ол маскалар- қаладағы барлық сегіз орталықта тіркеуде тұрған адамдарға арналған. Бетперде сондай ақ осы орталық көмегіне жүгінген жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларына арналған. Игі іс "Nur Otan" партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған. Медициналық бетпердені сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер көмектескен.

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаламыздағы барлық бақытты отбасы орталықтарынада 330-ға жуық көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, аз қамтылған отабсылардың аналары жұмыс істейді. Сол осы бақытты отбасы орталықтарында жұмыс жасап жатқан аналарға арнап, әр қайсысына 50 данадан 16350 дана бетпердені бүгін біз табыстап отырмыз.


А. Кемелжан