Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбе облысында партияішілік сайлауға қатысушылар арасында жастар белсенді

AstanaTV
24.08.2020ж. 20:00
3460
Ақтөбе облысында партияішілік сайлауға қатысушылар арасында жастар белсенді

Ақтөбе облысында "Nur Otan" праймеризіне - партияішілік сайлауға қатысуға ниет еткендер арасында жастар белсенді. Бүгінгі күні жалпы саны 335 үміткер тіркелген. Оның басым бөлігі өзін-өзі ұсынған. Аймақтағы саяси науқан жайлы әріптесім Бақыр Рахметова тарқатады. 

Жастардың әлеуметтік жағдайын көтеруді басты мақсат еткендердің бірі Нарқозы Қартжан. 24 жастағы албырт жігіт мектеп қабырғасынан еріктілер қатарынан көрініп келеді. Қазір Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жастар ісі комитетіне жетекшілік етеді. "Nur Otan" праймеризіне қатысып, бақ сынамақ. 

Нарқозы ҚАРТЖАН, «NUR OTAN» ПАРТИЯІШІЛІК САЙЛАУЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Осы партияға кіру арқылы жастар арасындағы мәселелерді шешуге одан бөлек  көкейіндегі сұрақтарға жауап беруге және де жастарды болашақта жарқын Қазақстанның бір үлесін қосатындай оймен осы прайммеризге де партияға да қатысып отырған жайым бар.

Бүгін тіркеуден өткен кандидаттардың тағы біреуі Әнуар Нұртазин. Ол бес бірдей тілді жетік меңгерген. Жастайынан халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындар алып, Мәскеу Мемлекеттік университетін тәмамдапты. Талантты жігіт қазір аймақтағы дамыту орталығы корпоративтік қорында басшылық қызмет атқарады. Жасынан «Вундеркинд» атанған ол партия жұмысына үлес қосуды көздейді.

Әнуар НҰРТАЗИН, «NUR OTAN» ПАРТИЯІШІЛІК САЙЛАУЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Тап қазір әлеуметтік, мемлекеттік және басқа да саланың өзекті мәселелеріне партия жұмысы арқылы әсер ету тиімді деп санаймын. Жас буынның өкілі ретінде партия жұмысына өз үлесімді қосып, жаңа дем бергім келеді.

Ақтөбе облысынан партияішілік сайлауға 335 адам ниет білдірген. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандарда бар. Партиялықтардың айтуынша  праймеризге ел дамуына үлес қосқысы келетін кез-келген азамат қатыса алады. 

Ербол ДАНАҒҰЛОВ,«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Елдің дамуына өз үлесін қосамын деген талантты жастарды, жігерлі жастарды осы 21 ғасырға сай жастарды біз тартып жатырмыз. Себебі қазіргі таңда бірнеше ой пікірлерін, идеяларын айтып жатыр. Осындай жастарды, жақсы мамандарды партия мүшелері қатарынан көргіміз келеді.


Праймериз бұл партия өміріндегі тың жаңалық. Яғни, партияішілік сайлау «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 17 тамызда басталды. Мақсат - Парламентегі мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға депутаттық корпусты жасақтап, жаңа көшбасшыларды анықтау.

Б. Рақметова