Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Мектепке жол" акциясы шеңберінде Алматыда 25 отбасына көмек көрсетілді

AstanaTV
24.08.2020ж. 20:00
2375
"Мектепке жол" акциясы шеңберінде Алматыда 25 отбасына көмек көрсетілді

Nur Otan партиясының алматылық филиалы "Мектепке жол" акциясы шеңберінде бүгін тағы 25 отбасына оқу құралдарымен көмектесті. Олардың арасында көп балалы ана Мәлика Камбирова да бар. Онсызда бала күтімімен үйде отырып қалған келіншек пандемия кезінде тіпті қиналып қалыпты. Партия ұйғарымымен отбасындағы екі балаға көмек көрсетілді. Қажетті оқулықтар мен дәптер-қалам сияқты құралдар демеушілер көмегімен алынғанын айта кеткен жөн.

Малика КАМБИРОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Бізге көрсетіліп жатқан көмектеріңізге көп рахмет! Балаларымды мектепке дайындауға жағдайымыз келмей жүр еді. Тапқанымыздың барлығы жалдамалы пәтерге кетеді. Осындай уақытта қайырымды адамдардың қолдау көрсеткеніне көп рахмет!

Анна БАШИНСКАЯ, ДЕМЕУШІ:

Карантиндік жағдай көптеген отбасылардың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде. Nur Otan партиясы бастаған игі іске бізде ат салысып, уақытша жұмыссыз отырғандарға қолдау көрсетейік деп шештік.

А. Кемелжан