$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордалық шенеуніктер уәдесінде тұрмады

AstanaTV
26.08.2020ж. 20:00
2251
Елордалық шенеуніктер уәдесінде тұрмады
Елордалық шенеуніктер уәдесінде тұрмады. Бүгін «Астана-таймс» редакциясына хабарласқан Көктал кентінің тұрғындары осылай деп шағымданды. Еске сала кетейін, сығырайған электр жарығынан әбден шаршаған көкталдықтар осыдан бір жыл бұрын арнамызға жанайқайын жеткізген еді. Олар ауданда электр бағаналарының жоқтығын, өздері тартқан тоқ сымдарының жерге дейін сүйретіліп жатқанын көрсеткен-ек. Сол кезде жауапты мекеме биыл жазда мәселені шешеміз деген болатын. Қазір сол уәдені тағы бір тындап көрейік.


Руслан АБЖАНОВ, «АСТАНА-АЭК» АҚ БАС ИНЖИНЕРІ:

Қазір біз бұл аумақты жарықтандыру жобасын әзірледік. Жоба  сараптамадан өтіп жатыр. Келесі жылы жаз айынан бастап аталған көшеде желі тарту жұмыстарын бастаймыз. Бағаналар қойып, жаңа желілер тұрғызамыз. Сол кезде жарық қуатының аздығы сынды мәселелер өз шешімін табады.


Бірақ жауапты мекеме мәселені шешпеген. Жергілікті халық әлі күнге дейін жарыққа жарымай келеміз дейді.

Азамат БЕЛЯЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір сол авариний состояниеде. Құдай басқа бермесін, егер пожар болатын болса жалғыз бір үй емес, көшеде неше үй бар бәрі кетеді. Обязательно бір ЧП-ні күтіп отырған шығар.


Бұл мәселе бойынша елордалық атқамінерлерге қайта хабарластық. Дәл қазір бізбен байланыста Сарыарқа аудандық электр желісі басшысының орынбасары Асқар Қосымбай бар. Асқар Айбекұлы, қайырлы кеш! Мәселені тындадыңыз. Жауаптылар уәде береді, бірақ орындамайды. Бұл үйреншікті жағдайға айналған сияқты. Неге сөзінде тұрмайды? Мәселе қашан шешіледі ?

Айдос ҚОСЫМБАЙ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл бізге белгілі мәселе. Электрмен жабдықтау сапасын жақсарту үшін инвестициялық бағдарлама аясында "Астана-РЭК" Акционерлік қоғамы жобалық сметалық құжаттарды әзірледі. Қаржыландырудың жеткіліктілігне байланысты жұмыстар 2021 жылға ауыстырылды.Бұл мәселе түбегейлі шешіледі деген ойдамыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Естеріңізде болсын, біз бұл мәселенің шешілуін соңына дейін бақылайтын боламыз. Қымбатты көрермен, Телерепортер айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген нөмірге хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз! Егер, заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласыпе, видео немес аудио жолдасаңыз болады.

А. Мүтәлі