$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте праймеризге қатысуға он күнде 157 кандидат өтініш берді

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
2561
Шымкентте  праймеризге қатысуға он күнде 157 кандидат өтініш берді

Бүгін Nur Otan праймеризіне өтінім қабылдаудың соңғы күні. Түскі дерекке сүйенсек 10 мыңнан астам адам өтініш берген. Саяси белсенділік танытқан қалалардың қатарында Шымкент те бар. Он күнде 179 кандидаттан өтініш келіп түсті. Қалалық партия филиалы, үміткерлердің басым бөлігі жастар деп хабарлайды. Ал үштен бірі қыз-келіншектер. Оның жетеуі көп балалы ана. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Шымкент қаласында саяси додаға қатысуға өтініш бергендердің бірі кәсіпкер Қайрат Имашев. 42 жасының 15 жылын құрылыс саласына арнаған. Түрлі қайырымдылық жобаларына да қатысып отырады. Ал праймериз - жиған тәжірибесін қаланы көркейту жолында жұмсаудың тиімді жолы деп есептейді.

Қайрат ИМАШЕВ,  КӘСІПКЕР, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі біздің Қаратау ауданының шеткі аймақтарында орталық кәрізге қосылмаған, сапалы энергия тартылмаған, газы бар, суы бар деген сияқты өте жолы бар өте мәселе көп.

Сәкен Жамашевте праймеризден үмітті. Жас болса да Nur Otan партиясына бұрыннан мүше. Мамандығы – жобалаушы. Бүгінге дейін жетілдіріп келген идеямды іске асыратын уақыт келді дейді. Осы мақсатта партияішілшік іріктеуге қатысып отыр.

Сәкен ЖАМАШЕВ, ИНЖЕНЕР-ЖОБАЛАУШЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Праймериз жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік қой. Сол мүмкіндігімді пайдалансам деймін. Елге қызмет етсем деймін. Сүйікті қаламда заманауи ғимараттардың бой көтеруіне атсалыссам деймін.

Айта кетейік, бүгін праймеризге қатысуға өтінім берудің соңғы күні. Енді үгіт-насихат жұмыстарына дайындық басталады. Артынан үміткерлердің өз бағдарламаларын таныстыруға бір апта уақыт беріледі. Кандидаттар арасында пікір-талас сайысы да жоспарланған. Сайлау қазанда өтеді.  Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5-ші қазанда жарияланбақ.

Ә. Өмірзақ