Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жезқазғанда «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының семинары өтті

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
1762
Жезқазғанда «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының семинары өтті

Жезқазғанда  «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының семинары өтті. Мақсат, елде эволюциялық өзгерістер жасауға бақытталған қадамдарды пысықтау. Жиын модераторы Ерлан Сайыров өз сөзінде саяси жүйеге жастарды тарту қажеттілігіне тоқталды. Бұл ескі көзқарастың жаңа бағытқа бұрылуына жол ашады,-деді. Лига белсендісі Ерлан Сайыровтың пікірінше, "Демократиялық қоғамда азаматтардың әл-ауқатын көтеру, кезек күттірмейтін мәселе". Жас саясаткерлер үшін, партия қолға алған праймериз, өрлеуге жол ашатын жаңа баспалдақ болатынына сенімді.

Ерлан САЙЫРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Егер қалылық Мәслихаттың 6-7 депутаты жергілікті жердің азаматы болса, онда халық пен биліктің арасында көпір орнайды деген сөз.
 

Дөңгелек үстел кезінде жұмыссыздық мәселесі де назардан тыс қалмады.  Саясаттанушының пікірінше, ел ішінде жұмыссыздардың саны ресми деректен әлдеқайда көп. Ал сайлаудың әділ өтуі, бұл түйіткілдің шешілуіне сеп болуы мүмкін,-деді. Сондықтан, өз тағдырына алаңдайтын кез-келген азамат іріктеуден қалыс қалмауы тиіс деп отыр.

Ғ.Өтемісов