Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкенттегі жаңа ауданның мәселесі шаш етектен

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
3311
Шымкенттегі жаңа ауданның мәселесі шаш етектен

Шымкентте жаңадан бой түзеген тұтас бір ауданның халқы, баспаналары құлап қала ма деп қауіптенеді. Пайдалануға берілгеніне бір жыл болған тұрғын үйлерде коммуналдық мәселелер шаш етектен. Сапасыз құрылыс оларды әбден мезі еткен. Бұл аздай енді жертөлеге су толып,  баспалдаққа дейін жетіпті. Әріптесім Айзада Төребекқызы, "Шымкент сити" ауданындағы тұрғындардың мәселесін көзімен көріп қайтты.  

Жертөледен шыққан су баспалдаққа жетіп қалған. Ипотекамен үй алған халық, баспана апатты күйге жете ме деп алаңдайды. Бекер қауіптенбейтін секілді.

Жанар ОҢЛАСЫНОВА, №9 ҮЙ ТӨРАЙЫМЫ:

Азаннан бері тартып жатыр, жеті сағат болды насоспен су тартып жатқанына,  ешқандай азайып жатқан жоқ. Суымыз тұр әлі сол күйі. 7 сағат болды екі подъезді насоспен тартып жатқанына.  

Астынан шыққан судан құтыла алмай жатқандары аздай, енді ішетін су таппай отыр. «Шымкент сити» шағын ауданындағы көпқабатты он үй судан ажыратылыпты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бір түнде сусыз қалған жұрт тіршілік нәрін іздеп сандалды да қалды. Менің артымда көріп тұрғандарыңыздай ұзын сонар кезек.  Көпқабатты үй тұрғындары шелегі бары шелекпен, шелегі жоғы шәугім-шәйнекпен су тасып әуре.

Мамандар бүтін бір ауданның сусыз қалуын құбырдың тесілуінен деді. Ысырап болған су жылу магистралін бойлап жертөлеге жиналған. Тұрғындардың айтуынша судан бөлек жарық пен газда да мәселе бар. Сапасыз жұмыстан сарқынды су ақпайтын үйлер де бар десті.
 
Ботагөз ЖҮНІСОВА, №6 ҮЙ ТӨРАЙЫМЫ:


Жаңа үй алғанымызға үш-төрт айдың ішінде оннан асып кетті потоп болғанына. Подвал постоянно сасып тұрады. –не су? – Боқ су. Боқ су ағып тұрады, канализация.

Айжан АУҒАНБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кішкентай балдарымыз бар. Не сыртқы дәретке шыға алмай отырмыз, светіміз часто өшеді. Күніне бір күнде өшкенде үш төрт рет өшіп жанады. Техникамыздың бәрі жаңа, күйетін болды..то газ өшеді, то су өшеді, то свет өшеді.

Пәтер ішінде де жағдай оңып тұрған жоқ. Қабырғалары қақыраған.

Құрылыс басқармасындағылар қабырғадағы жарықтарды жаңа үйде болатын көрініс деп жұбатты. Өзге кемшіліктерді жөндетіп береміз деді.

Бағлан КҮЗДЕУБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғын үйлерде кемшіліктер бойынша арыз түсіп жатыр, иә онымен кешелі бері танысып жатырмын. Мердігер мекемеге тапсырма берілді қазір. Сонымен бірігіп, бәрін қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Мердігер мекеменің бес жыл кепілдік мерзімі бар

Мамандар жаңа ауданда бұдан былай жарық та өшпейді деп сендірді. Өйткені жуырда ғана Шымкент ситидің үйлерін сапалы желіге жалғапты. Ал,ауыз суды материал эфирге дайындалып жатқанда қосқандарын хабарлады.  

А. Төребекқызы