$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысы тұрғындары қоқыстан әбден мезі болған

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
3685
Қызылорда облысы тұрғындары қоқыстан әбден мезі болған

Арнамызға қоқыстан әбден мезі болған Қызылорда облысы Шиелі кентінің тұрғыны хабарласты.  Олар базар маңы қоқыстан арылмайтынын айтады. Ешкім тазаламайды, қоқысты белгіленбеген жерге төккендерДе жазаланбайды деді. Одан 20 метр жерде тұрғын үйлер орналасқан. Ойнап жүрген балалар да аз емес. Иісі былай тұрсын, ауру тарап, өмірімізге қауіп төне ме деп қорқады.

Міне, қоқыс. Жолға шығып кеткен, сасып жатыр. Ал мына жерде балалар ойнайды. Ауру мысық, ит те осы жерде.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тұрғындардың өтініші бойынша жергілікті атқамінерлерге хабарластық. Бізбен байланыста Шиелі кентінің әкімі Ғабит Аманжолов бар екен. Қайырлы кеш, Ғабит Сейілбекұлы. Тұрғындардың базынасын естідіңіз. Неге заңсыз қоқыс алаңына айналдырғандар жазаланбайды?

Ғабит АМАНЖОЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:
 
Жақаев көшесі №5 үйдің мәселесі қиындау. Оның себебі сол үй қоқыс тастайтын орынға жан-жақтан рұқсатсыз көршілер, кәсіпкерлер түнгі уақытта толтырып кетеді. Сол себепті біз ол жерге қаржы бөліп, ауласын бөлек қоршаймыз. Балалрға арналған алаңқай салып, жолын дұрыстаймыз. Сонда басқалар келіп төге алмайды.


Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Ғабит мырза, халық қоқыстан қашан құтылады, нақты айтып бере аласыз ба?

Ғабит АМАНЖОЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Мердігер компания келесі аптада конкурс арқылы анықталады. Сосын құрылыс жүреді. Бірінші қоқыс орны сәл жылжытылады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Яғни нақты уақыты белгісіз ғой?

Ғабит АМАНЖОЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:
 
Иә.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қоқыс тастағандар неге жазаланбайды?

Ғабит АМАНЖОЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:
 
Олар түнгі мезгілде тастап кетеді. Енді біз ол жақтың барлығын оқшаулаймыз, сосын бұл мәселе тоқтайды. Қазан айының 15-інде аяқтап, суретін жібереміз.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет, Ғабит Сейілбекұлы. Уәдеңізде тұрады деп сенейік, Шиелі кенті тұрғындарының мәселесі біздің де бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.  

Ә. Өмірзақ