$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда салмағы 118 келі тартатын бекіре тұқымдас балық ауланды

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
3527
Атырауда салмағы 118 келі тартатын бекіре тұқымдас балық ауланды

Атырауда алып балық ауланды. Салмағы 118  келі тартатын "Бекіре" тұқымдас балық Жайықтағы кіші дамба тартымыннан ұсталған.  

Алып балық, "Жайық-Атырау-Бекіре" зауытына тапсырылды. Мамандар оны арнайы тоғанға жіберді. Күзге дейін сол жерде күтіп бағып, кейін тұқым алмақ. Ихтиологтар осы уақытта балықтың жынысы мен жасын анықтау үстінде.

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Бұл балықты аталған бекіре зауыты осыдан көктемге дейін ұстап, қыстатып,  егер бұл аналық болса, балықтан уылдырықтарын алып жасанды түрмен  уылдырықтарын жасап, Жайық өзеніне жазғы мезгілде жібереді.

Атырауылық балықшылар ауына биыл осымен екінші алып балық түсіп отыр. Осы наурыз айында ғана салмағы 148 келілік қорытпа-балығы ауланған еді. Айта кету керек. Негізі елімізде Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тиым салынған. Қызыл кітапқа кірген бұл балықтарды тек ғылыми бағытта ғана ұстауға болады.

Б. Надирқызы