Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ата Заңның 25 жылдығына орай 25 түп алма ағашын отырғызылды

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
1925
Ата Заңның 25 жылдығына орай 25 түп алма ағашын отырғызылды

Алматыда Конституцияның 25 жылдығына орай, 25 түп алма ағашы отырғызылды. Игілікті іске «Jas Otan» жастар қанатының Алматыдағы өкілдері ұйытқы болды. Шара "Жасыл Алматы" қалалық жобасының аясында қолға алынған. Белсенді топ көшеттерді Алмалы ауданына отырғызды. Жасыл желекті күтіп, баптауды еріктілер өз мойындарына алған. Жасотандықтар келешекте өзге аудандарда да осы бастаманы жалғастырмақшы. Алматының символына айналған алма ағаштары экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосса, дейді белсенді жастар.

Мәди АХМЕТО, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мұның барлығы мамандармен келісілген. Қанша ара қашықтығы болу керек, тереңдігі қанша болу керек, оны біздің еріктілер үнемі келіп қадағалап, күтіп отыратын болады. Бұл тек қана Конституцияның 25 жылдығына арналып отырған жоқ, одан бөлек экологиялық мәдениетімізді көтеру негізгі мақсаттардың бірі.


А. Кемелжан