Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қытайда жазасын өтеп жатқан А.Тұрлыбай елге қайтарыла ма?

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
3345
Қытайда жазасын өтеп жатқан А.Тұрлыбай елге қайтарыла ма?

"Есірткі тасымалдады" деген айыппен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтара аламыз ба? Көптің көкейінде жүрген сауалға бүгін Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, екі ел арасында сотталғандармен алмасу бойынша келісім бар. Оны жүзеге асыру үшін Ақжарқын Тұрлыбай, өз жазасын Қазақстанда өтегісі келетінін айтып, хат жазуы керек деді.  

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде мұндай өтініш түскен жоқ. Оны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі қорғап жатыр. Біздің мәліметімізге сәйкес, заң Қытай Халық Республикасында жақында ғана күшіне енді. Бізге ресми түрде хат түскен соң, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.


Марат Ахметжанов "Есірткі заттарын сату және тасымалдау" бойынша Қазақстанда да өмір бойына жаза кесілетінін еске салды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу әуежайында 2014 жылы 4,5 келі есірткі затымен ұсталған болатын.

Д. Мұхаммедкәрім