$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда қызметтік пәтерлердің қызығын өзгелер көріп жүр

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
4153
Таразда қызметтік пәтерлердің қызығын өзгелер көріп жүр

Қызметтік пәтерлердің қызығын кімдер көріп жүр? «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері арнайы рейдке шығып, біраз былықтың бетін ашты. Бірі қызметтік пәтерді жалға беріп, қалтасын толтырса, енді бірі қараусыз қалдырған. Тіпті коммуналдық төлемақысын төлемейтіндері де бар екен. Берік Жұмабайұлының репортажы.

Арнайы рейдке шыққандар, мемлекеттік қызметкерлерге уақытша берілген баспаналардың тізімім қолға ұстап, көше аралап шықты. Бір қызығы барған үйлердің бірі де есігін ашпады. Ал, есіктерінде коммуналдық төлемдердің түбіртектері жиналып қалған. Осыған қарап адам тұрмай ма деген күдік ұялады.  

Назима ЖҰБАНДЫҚОВА, «ЖАМБЫЛ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

13 пәтерге бардым өзім. 13 пәтердің ешқайсында тізім бойынша азаматтар болған жоқ. Есігін ашпаған азаматтардың көршілерімен тілдесіп көрдік. Кейбір азаматтар 3-4 айда бір рет келеді деп айтып жатты. Ал, кейбір жағыдайларда ол пәтерді мысалы басқа адамға өткізіп қоюы ықтимал деген болжамды айтып жатты. Сатып жіберуі мүмкін деген сияқты.

Есігін ашпаған мына пәтердің көршісі болса, баспананың былтыр қыста сатылып кеткенін айтып елең еткізді. 

Мұны қала әкімдіген анықтамақ болдық. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы болса, оны жоққа шығарды.

Ғазиз ЕРАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қызметтік пәтерді сатып жіберген деген де дерек бар?
- Жоқ бұл сатылмайды. Тұрғын үй қатынастар заңына сәйкес, егерде сол қызметтік пәтерге ие болған қызметкер еңбек өтілі мемлекеттік қызметте он жылдан астам өтілі болса ол қалдық құнымен сатып алалады.


Дегенмен арнайы рейд кезінде бірақ былықтың беті ашылды. Мемлекттік қызметте жүргендерге уақытша берілетін баспаналардың дені мақсатсыз пайдалануылуда. Біреулері қаңырап бос тұрса, енді біреулерін жалға беріп қойған.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:


Жалпы шаһардағы 108 үй мемлекеттік қызметтегілерге берілген. Оның 48-і ротациялық, яғни қызметі аяқталғанша тұра алатын пәтерлер. Ал қалған баспаналар жұмыс өтіліне байланысты сатып алуға жол берілген. Мұндай мүмкіндік тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана беріледі. Одан бөлек полиция департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара мен прокуратурадағы жоғары лауазымды тұлғалар да иемдене алады.  

Б. Жұмабайұлы