Қазақстанда қару-жарақ сатып, қарақшылықпен айналысатын топтар әлі күнге кездеседі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақында үш қалада ірі операция жүргізіп, рейдерЛікпен айналысқан үш топты құрықтады. Олар, баяғы 90-шы жылдардағыдай кәсіпкерлерден ақша боПсалап жүрген. Қылмыс әлемінде, «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» атауымен белгілі топтар, 4 қаладан ұсталып отыр. Жетекшілік жүргізген 15 белсенді Нұр-Сұлтандағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың арасында халықаралық іздеуде жүрген баскесерлер де бар.
Аркен АБДУҒАЛИ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
Атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы тәркіленді. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Ә. Өмірзақ