Жыл сайын елдегі жолдардың сапасын жақсарту үшін, қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ жағдай жақсаратын емес. Мәселен бір ғана Тараз қаласының өзінде жаңа жол салуға биыл шамамен 3 жарым млрд, ал ескі жолды жамауға 200 млн теңге бөлінген. Жауаптылардың дерегінше тақтайдай жолдарды ауыр жүк көліктері бүлдіріп жатыр. Ал оларға көліктік бақылау инспекциясының тісі батпайды. Берік Жұмабайдың репортажы.
Мәселенің бар екенін ұлттық сапа орталығының мамандары бір емес, бернеше рет көтеріп жүр. Бірақ ескертуге құлақ асар кәсіпорында, көлік жүргізушісі де жоқ деді.
Қадіржан МЫРЗАЕВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
Техникалық құжаты бойынша Қытайдан шығатын көліктердің өзінің салмағы 14-18 тоннаға дейін жетеді. Енді ойлай беріңіз олар кемінде қосымша 20 тонна құм, болмаса шағал артады. Сонда көліктің салмағымен қосқанда 40 тоннаға жуықтайды. Әрине мұндай салмақпен жүрген жол, жиі бұзылады. Біз дәл осындай көлігі бар мекемелерге талай ескерту жасадық алайда оны елеп жатқан ешкім жоқ.
Орталық мамандарының айтуынша, салмағы 30, тіпті 40 тонна болатын шетелдің Хова, Шаман көліктері бүгінде жиі кездеседі. Мұндай ауыр көліктерді біздегі жол көтере алмайды. Осының салдарынан асфальт жабындысы езіледі. Бұл көліктер кен орында және құрылыс алаңдарында ғана жүре алады.
Асхан ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Республикалық бюджеттен, облыстық бюджеттен қаржаттар бөлініп, көптеген жолдар жасалып басқа да жұмыстар жасалынып жатыр. Үлкен танаждағы болшегруз деп қоямыз ғой, сондай камаздар жүреді. Я олардың да әсері болады. Сол жаңағы жолдардың бүлінуіне басқасына. Ол да бір 50 пайызға дейін өзінің әсерін береді.
2015 жылы инвестициялар және даму министрлігі бекіткен ережеге сай, салмағы 25 тоннадан асқан жүк көліктерінің ел аумағында жүруіне тиым салған. Артық салмақ артқандарға 30 бен 80 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Облыс бойынша көлікті бақылау инспекциясы сегіз айда 771 хаттама толтырыпты. 59 млн теңге айыппұл салған. Алайда оны елеп жатқандары шамалы деді. Инспекция қауқарсыз екендерін жеткізді.
Дәулет КЕМЕЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӨЛІКТІ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жамбыл облысы бойынша 3900 км аумақты жол бар. Ол үш машина енді үлгере алмайды. Машинада жеткіліксіз, адамда жеткіліксіз да мысалы оның бәрін не қыла беретін адам да жоқ.
Үш жылжымалы бекеттің бірі - Қордайда, екіншісі - Шу ауданында, ал үшіншісі қала маңында тұр. Мұндағылар тоқтатылған көлікті таразыға тартып, тексеріп, құжат рәсімдеуге шамамен 40 минут жұмсайды екен.
Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Осыдан қашқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері, тексеру бекетін айналып өтіп, қалаға еркін кіріп-шығып жүргенін айтады. Есесіне бюджет қаражатынан миллиардтар жолға арнайы жыл сайын бөлініп келеді.
Б. Жұмабайұлы