Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Минскіде өткен кезекті шеру жаппай азаматтарды ұстаумен аяқталды

AstanaTV
14.09.2020ж. 20:00
1715
Минскіде өткен кезекті шеру жаппай азаматтарды ұстаумен аяқталды

Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы шерулер басылар емес. Президентке қарсы митингіЛердің атауы да бар. "Батырлар маршы" деп аталған кезекті акция кезінде, билік белсенділерді жаппай ұстай бастады. Жиыны 700-ге тарта адам қамауға алынған екен. Ал, Александр Лукашенконың өзі болса, Владимир Путинмен "маңызды кездесу", өткізу үшін Сочиге аттанып кетті. Әлішер Өмірзақтың бейнематериалы.

Беларусте Президент сайлауы өткелі бері бір айдан асты. Наразылық акцияларының жүріп жатқанына да осынша уақыт өтті. Халық "бейбіт шеру" өткізуден, ал билік оларды тырқыратып қуудан шаршамайды. Митингке қатысушыларға қарсы арнайы жасқа та, арнайы техникада пайдаланылды.

Арнайы жасақ, тырнақтың астынан болсада кір табады әрине. Ал, "Кет" деген сөз қарулылардың қытығына тигені анық. "Автоазктар", ұсталғандарға толды.

Беларус халқының биліктің айтқанына көнеді деу қиын. Мұны, Александр Лукашенко да түсінген сияқты. Бірақ ол, орынтағын оңайлықпен босатпайтынын айтып отыр.

Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бәлкім, мен президенттік тақта көп отырып қойған сияқтымын. Үтікті қоссаң – менің сайлауалды бағдарламам, өшірсең- тағы Лукашенко. Телевизорды қоссаң да сол. Халықтың бір бөлігі осыдан шаршаған сияқты.


Лукошенкоға қарсы шеруде өзге күштердің де жүргені байқалады. Белгісіз біреулер әдейі араңдатушылық әрекеттер жасап дүкендерді қиратқан. Төбелес тудырған. Ал, "Батька" болса, ештеңеден қорықпаймын деп отыр.

Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Я не трус и не боюсь.

"Батыр Президент" бүгін айтпақшы Сочиге үшып кетті. Ол, Владимир Путинмен жолықпақ. Бұл кездесудің сыры неде? Сарапшылар пікірі әр қилы. Белгісі, Путин мұның алдында, қажет болса Минскіге әскери резервті жіберетінін, айтқан.

Ә. Өмірзақ